Пікір • 14 Қыркүйек, 2024

«Ауыл аманатының» аясы кеңейеді

266 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм мәселелері айқындалып, стратегиялық бағдар мен алдағы нақты міндеттер белгіленді.

«Ауыл аманатының» аясы кеңейеді

Сурет:aikyn.kz

Президент мемлекеттің орнықты дамуы үшін ма­ңызы зор экономикалық мәсе­лелерге баса назар аудар­ды. Шағын және орта бизнесті қаржыландыруды күшейтуді тапсырды. Эконо­ми­калық белсенділікті арттыру мақса­тында арнайы «Банк­­тер туралы» заң қабылдау қажет­ті­гін айтты. Сол секілді инвес­ти­циялық ахуалды жақ­сар­тып, бизнес жүргізуге қолай­лы жағ­дай жасау жайы да қоз­ғал­ды.

Сонымен қатар «Amanat» партия­сының брендіне айнал­ған «Ауыл аманаты» жобасын оң бағалап, оны кеңейте түсуді тапсырды. Еліміздің өнер­кәсіп әлеуетін толық пайдалану, инфрақұрылымға қа­тысты өзекті мәселелерді шешу, кадрлық әлеуетті арттыру мәсе­лесі де назардан тыс қал­ма­­ды. Мұның бар­лығы Президент айтқан орта тапты қалыптастырудың негізін қаламақ.

ва

Инфографиканы жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ ,«EQ»

Жолдауда қоғамның қызу талқысына айналған АЭС салу мәселесі қозғалды. Мемлекет басшысы атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биылғы 6 қазанда өтетінін айтты. Яғни осы аса өзекті бастама бойынша шешімді тікелей халық қабылдайды.

Президент айтқандай, «Негізгі мақсат – әділетті қо­ғам құру және сол арқылы даму­дың сара жолына түскен озық ел болу». Осыған жол ашатын Жолдауда көз­дел­ген бастамалар мен тап­сыр­­малардың жүзеге асы­рылуын заңнамалық тұрғы­дан қам­та­масыз етуге Мәжіліс­тегі «Amanat» партиясы фракция­­сы­ның депутаттары барынша атсалысады.

Бүгінде көптеген ел таби­ғи, экологиялық таза азық-түлік өнімдеріне зәру. Ре­сей­­де де табиғи өнімдерге деген сұраныс артып тұр. Сол­­түстіктегі көр­шіміз­ді ауыл шаруашылығы тауар­ла­рымен, әсіресе, бау-бақша өнім­­дерімен барынша қамта­ма­сыз етіп отырған елдердің бірі – Өзбекстан. Алдағы уақытта біз осындай елдермен тікелей бәсекелесе алатын жағдайға жетуіміз керек.

Мемлекет биыл егін науқа­ны­на екі есе көп қаражат бөлді. Бірақ осы агроөнеркәсіпке бөлінетін бүкіл ақшаның 70 пайызы – мемлекет қар­жысы. Президент осы жерде орынды мәселе көтеріп отыр. Яғни Үкіметке бұл салаға коммерциялық банктердің қаражатын да тарту қажеттігін тапсырды. Осыған дейін ди­қандарды қолдап келген мем­лекеттік қаржы институттарын субсидиялау шараларын банктерге қатысты жобаларға да қолдану – құптарлық-ақ қадам.

«Мұның бәрі шаруаларды айналымға қажетті қара­жат­пен шұғыл қамта­масыз етуге, сыбайлас жемқорлық қатерін азайтуға және несие алуды оңтайландыруға жол ашады. Агроөнеркәсіп кешенін тікелей субсидия­лау тәсілінен арзан несие беру тәсіліне біртіндеп көшу – аса маңызды міндет», деп Қасым-Жомарт Кемелұлы бө­лінген қаражаттың бәрі тиім­ді жұмсалуға тиіс екенін де ес­кертті.

Ол үшін бұл саладағы ци­фр­­­лардың нақтылығы аса ма­­­ңызды орынға ие. Жолдау­да Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығындағы дерек­тер­дің мүлдем үйлеспей­тінін айтты. Шындыққа жанас­пайтын ақпарат беріп, мә­лімет­терді бұрмалау ауыл шаруа­шы­лығындағы шынайы ахуалды бағалауға кедергі кел­тіріп отырғаны жасырын емес.

Жолдауда айтылғандай арнайы комиссия 2 миллион ірі қара және 3 миллион­нан аса уақ мал санда бар бол­ғанымен, санатта жоқ екенін анықтапты. Егін шар­уа­шылығы саласы да осындай кертартпа жайттан арыла алмай отыр. Ал бұның артында Мемлекет басшысы айтпақшы, шын мәнінде, қазына қаржысынан қайткен күнде де субсидия алу жолында жасалған әккі амалдар, нағыз көзбояушылық тұр. Ендігәрі мұндай іспен айналысқан адамдардың жауап­кершілігін күшейтіп, қылмыспен пара-пар ондай әрекеттерге тосқауыл қоймасақ, біз асыраушы салада айтарлықтай табысқа жете алмаймыз, алдыңғы қатарлы елдермен еш бәсекелесе алмаймыз. Біз кімді алдап отырмыз? Яғни мемлекетіміз халықты тұрақты, қауіпсіз азық-түлікпен қамтамасыз етеміз дейтін болса, онда осы салаға барынша басымдық берген жөн. Бұл тікелей халықтың тұрмыстық табысын арттыруға септеседі.

 

Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ,

Мәжіліс депутаты