Оқиға • 16 Қыркүйек, 2024

Ірі көлемде қаржы жымқырған әйел Қазақстанға экстрадицияланды

129 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін ҚР Бас прокуратурасы және Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері бірлесіп, Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің қолдауымен қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Түркия Республикасынан Қазақстан азаматын экстрадициялады, деп хабарлайды Egemen.kz ведомстовның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ірі көлемде қаржы жымқырған әйел Қазақстанға экстрадицияланды

Фото: Видеодан алынған кадр

Бас прокуратураның хабарлауынша, күдікті 2022-2023 жылдар аралығында Алматы қаласындағы коммерциялық ұйымның бухгалтері бола отырып, төлем тапсырмаларына жалған мәліметтер енгізу арқылы өзіне сеніп тапсырылған 27 миллион теңгеге жуық ақшалай қаражатын заңсыз иемденген.

Күдікті полиция қызметкерлерінен жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған.

«2024 жылдың тамыз айында ол Түркия аумағында ұсталып, содан кейін Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша отандық құқық қорғау органдарына берілді. Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласының тергеу изоляторында отыр», делінген хабарламада.

Әйел адамның аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.