Фото: kazpravda.kz
Ақмола облысының прокуратурасы хабарлағандай, есепші екі жыл бойы депозиттік шоттың ақшалай қаражатын мақсатсыз жұмсаған және мемлекеттік сатып алудың қатысушы болып есептелмейтін тұлғаға заңсыз аударған.
«Негізсіз аударылған қаражат сомасы 40 млн теңгені құрады, істің қатысушылары ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа берілді», делінген хабарламада.