Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық дегендей, біз осы өндірістік үдерісті көруге ықыласымыз бар екенін жоғарыда аталған құрылыс компаниясының бас директоры Қ.Қощановқа айтқан кезімізде ол бұл ұсынысымызды бірден қабыл алды. Әрі көп кешікпей бізді өз көлігімен жаңа комбинатқа алып барып көрсетті. Аталған үдерістің көрінісі келісті-ақ. Еңсесі биік ғимараттың жоғары бөлігінде орнатылған құрылғы, яғни автоматты жүйе арқылы шартты түрде алғанда төмендегі алып ыдысқа ерітінді құйылып түседі. Содан кейін бұл құйма жазылып тегістеледі. Үй құрылысына қажетті темір-бетон қабырғалардың тұңғыш қаңқасы осылай жасалады екен. Әдетте, құрылыс салу кезінде оның қабырғасын тұрғызу ұзақ уақыт алатыны белгілі. Ал қабырғалық материал темір-бетоннан тұрғызылған жағдайда бұл уақыт әжептәуір қысқаратынына да дәл осы арада айқын көз жеткіздік.
– Біздің қазіргі үй құрылысы комбинаты өніміне ұқсас қабырғалық материал бұрын да көп қолданылған. Алайда, қазіргі құрылыс индустриясы өнімінің олардан әжептәуір айырмашылығы мен артықшылығы бар. Оның арасына жылу ұстайтын материалдар салынған. Сондай-ақ, жаздың ыстық күндерінде темір-бетон салқын ауаны да ұстап қала алады, – дейді фирма басшысы Қайдар Жасенұлы.
Еліміздің батыс қақпасы – Орал қаласының бас даму жоспарына сәйкес үй құрылысы комбинатының қызметін тиімді түрде пайдаланудың өзге тетіктері де қарастырылған. Бұл жөнінде бір орайы келген сәтінде БАҚ өкілдеріне Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев әңгімелеп берген еді. Мұның жай-жапсары төмендегідей.
Бүгінде облыс орталығындағы апатты жағдайдағы үйлерді толықтай жою жөніндегі мәселе жергілікті атқарушы орган жетекшілерінің назарында тұр. Мысалы, қазіргі кезде Орал қаласында осындай санаттағы отыз үш үй бар. Мұнда 350 адам тұрады. Сол тұрғындардың үй жағдайларын жақсарту үшін жергілікті мемлекеттік органдар «СВ плюс» және «Болашақ-Т» құрылыс компанияларымен келісім жасауды ұйғарған. Егер бұл іс ойдағыдай шешілсе, аталған фирмалар апатты үйдегі тұрғындарға арнап өз қаражаты есебінен баспана тұрғызбақ. Өз кезегінде әкімдік институт өкілдеріне тұрғын үй құрылысы үшін тиісті жер телімдерін бөліп, инженерлік-коммуникациялық жүйелер жөнінен көмек көрсетпек. Бұл екі жаққа да пайдалы. Сөз жоқ, мұндай жауапты істі бүгінде қолданыспен дәстүрге батыл ене бастаған мемлекеттік жеке меншік әріптестік арқылы ойдағыдай жүзеге асыруға болатыны кәміл.
Түйіп айтқанда, жаңа жылдың алғашқы күндерінен бастап үй құрылысы комбинаты ұжымы алда тұрған ауқымды еңсеруге бет бұрды. Олардың басты мақсаты «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға үлес қосу болып отыр. Сонымен бірге, комбинат басшылығы мен мамандары коммерциялық сипаттағы тұрғын үйлер құрылысын жүргізудің ұтымды жолдарын ойластыру үстінде.
Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан».
ОРАЛ.
Суреттерде: жаңадан ашылған үй құрылысы комбинатынан көріністер.
Суреттерді түсірген
Рафхат ХАЛЕЛОВ.

Қарағандыда 10 жасар баланы тоқ соқты
Оқиға • Бүгін, 17:56
Қызылорда облысында жоғалып кеткен 6 жасар қыздың мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Астанада тағы бір көше ішінара жабылады
Елорда • Бүгін, 16:58
«Ролан Гаррос» турнирі: Данилина мен Крунич финалда жеңілді
Спорт • Бүгін, 16:40
Маңғыстау-Семей пойызының жолаушылары тарақандарға байланысты шағым жасады
Оқиға • Бүгін, 15:56
Тұтас бір аудан ішімдіктен бас тартты
Қоғам • Бүгін, 15:29
Қазақстанда кейбір интернет-ресурстардың жұмысы уақытша қиындады
Оқиға • Бүгін, 14:59
Astana Half Marathon 2026: Жаңа рекорд орнады
Елорда • Бүгін, 14:36
Қырғызстанда сел кезінде мектеп оқушысы жоғалып кеткен
Оқиға • Бүгін, 13:58
АҚШ-та атыс болып, 12 адам жарақат алды
Әлем • Бүгін, 13:31
Ұлыбританиядағы жеңіс: Иван Дычко қарсыласын нокдаунға жіберді
Спорт • Бүгін, 12:53
Мемлекетке қайтарылған қаржы: Балқаш ауруханасы жаңа келбетке ие болды
Медицина • Бүгін, 12:35
Өзі құрастырған ұшақ алғашқы ұшуда апатқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 12:06
Параатлеттер Astana Half Marathon жарысына қатысты
Спорт • Бүгін, 11:49
Тайвань төңірегіндегі шиеленіс: Қытай теңіз операциясын қолға алды
Әлем • Бүгін, 11:32