27 Қаңтар, 2015

Үкімет құруға дауыс саны жете ме?

230 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
ШарайнаШарайна Грекияда мерзімінен бұрын өткен парламент сайлауы бойынша дауыс санау аяқталып келеді. Онда басты оппозициялық Радикалды солшыл күштер коалициясы (СИРИЗА) жеңіске жеткен болатын. Оған қарсыластарынан айтарлықтай ұзап кетудің сәті түсті. Дегенмен, бір мәселе түйінді күйінде қалып тұр. Ол – СИРИЗА дербес түрде Грекия үкіметін құрып, өз заң жобаларын негізгі заң шығарушы орган арқылы өткізе ала ма деген мәселе. Афина жаңалықтар агенттігі ол бюллетеньдерді 100 пайыз санап шыққаннан кейін ғана белгілі болады дегенді айтуда. Үкімет құру үшін СИРИЗА парламентте басым орынға ие болуы керек, яғни 300 мандаттың 151-і бұларға тиесілі болуы тиіс. Қаза болғанын растады Радикалды «Ислам мемлекеті» тобының содырлары интернет арқылы хабар тарататын өз радиостансаларында кепілге алынған екі жапониялықтың бірінің өлтірілгенін растады. Шарайна-1Жапония азаматының өлтірілгені туралы әңгіме небәрі 38 секунд қана жүрген. Бірақ осындай қатаң жазалаудың себептері де, болған оқиғаның егжей-тегжейі де айтылмаған көрінеді. «Ислам мемлекеті» өз айтқанын орындады. Ұйым ­содырлары белгіленген мерзімнің өтіп кетуіне байланысты тұтқынды о дүниеге аттандырды, делінген радио арқылы таратылған хабарда. Бұған дейін олар 200 миллион доллар төлемақы төлемеген жағдайда жапо­ниялық кепілдердің өлтірілетінін хабарлаған болатын. Нью-Йорк күшті дауылға дайындалуда АҚШ-тың солтүстік-шығысына өте күшті қарлы боран жақындап келеді. Ауа райын болжаушылар таяудағы екі күннің ішінде кейбір аудандарда 1,5 метрге дейін қар түсетіндігін айтуда. Нью-Йорк қаласының мэрі Билл де Блазио дауылдың қала тарихындағы ең күшті дауыл болып шығуы мүмкін екенін айтып, ескерту жасауда. Қала басшысы жергілікті тұрғындарды сақ болуға, жеке автокөлікті пайдаланбауға шақырып, аса қажет болмаса, көшелерге шықпауға кеңес беруде. Дауыл Нью-Йорк, Нью-Джерси, Коннектикут, Пенсильвания, Массачусетс және Мэн штаттарын қамтиды деп күтілуде. Метеорологтардың ­болжамынша, циклонның беті тек 27 қаңтар күні кешкісін ­ғана қайтпақ. Египетте тағы да қақтығыс Шарайна-2Египетте «25 қаңтардағы революция­­­­­­ның» төрт жылдығында 15 адам қаза тауып, 40-қа тарта адам зардап шекті. Бұл туралы Египет Араб Республикасының денсаулық сақтау министрлігі хабарлаған. Осы аталған ведомствоның мәлі­меттеріне қарағанда, 9 адам Каирдің шет жағында болған қанды қақтығыста қаза тапқан. Қаза болғандардың қатарында әскери қызметші мен бір бала бар көрінеді. Оның сыртында президент Абдель Фаттах Ас-Сисидің жақтастары мен қарсыластары арасында да қақтығыс орын алған. Мұнда осының алдында қаза тапқан социалистік партияның белсендісі Шайма ас-Саббагтың жақындары мен әріптестері жиналған. Олар ереуілшілерге қарсы қару қолданды деп полицияны айыптауда. Қорыққанға қос көрінер Үндістанда полиция АҚШ президенті Барак Обаманың сапарына байланысты қауіпсіздік шараларын күшейте отырып, екі ресейлік студентті ұстаған. Оқиға Орисса штатындағы Ниали деревнясында орын алған. Үлкен рюкзактары бар екі жас жігіттің жол бойында автокөлік күтіп тұрғандарын көрген жергілікті тұрғындар полиция шақырған. Сөйтіп, оларды ұстап, Пури қаласындағы полиция учаскесіне жеткізген. Жергілікті полиция бастығының хабарлауынша, екі жігіттің Ижев мемлекеттік технологиялық институтының студенттері екені, тиісті құжаттарының және үш айлық туристік визаларының, сол сияқты шетелдік паспорттары мен авиабилеттерінің бар екені анықталған. Олар, тіпті, Обаманың сапары туралы мүлде білмейтін болып шыққан. Сарапшылар санкцияны қолдамайды Шарайна-4Жақында ғана аяқталған Давос экономикалық форумына қатысқан бірқатар сарапшылар Ресей мен Еуропа одағының бір-біріне қарсы енгізген санкцияларына қарсы шықты. Олардың айтуларына қарағанда, санкциялар экономиканың және қарапайым адамдардың өміріне кері әсерін тигізетін тиімсіз құрал болып табылады. Санкциялар олар бағытталғандардан гөрі өзгелерге қаттырақ тиеді, деп мәлімдеген Horasis ұйымының президенті Франк-Юрген Рихтер. Біз өзіміздің инвестициялық қызметімізден бас тартпауға тиіспіз, өйткені, Ресей Батысты қажет етеді, ал Батыс болса Ресейге одан бетер мұқтаж, деп атап көрсеткен ол БАҚ-қа берген сұхбатында. Алты адам қар көшкінінен қаза тапты Альпі тауларында қар көшкінінен кейін алты француздық тау шаңғышыларының денелері табылған. Олардың төртеуі – еркек, екеуі әйел көрінеді. Бұл туралы Гап қаласының префектурасы хабарлаған. Оқиға өткен сенбі күні француздың Жоғарғы Альпі департаментіне қарайтын Кейра таулы ауданында орын алған. Алты тәжірибелі тау шаңғышыларынан тұратын топ таңертең тау басына шығып, түс қайта базаға оралуға тиіс болған. Бірақ олар сол күйі хабар-ошарсыз кеткен. Осыдан кейін жоғалған адамдарды іздестіруге тікұшақ жіберілген. Айта кету керек, тау шаңғысы маусымы басталғалы бері француздық Альпіде қар көшкіні салдарынан 11 адам қаза тауып отыр. Интернет материалдары негізінде әзірленді.