Ферма меңгерушісінің шаң-шаң болған «УАЗигі» Қаратаудың қойнауын бойлай өтіп, әрбір шопанның үйіне барып, жағдайын біліп, малдың жайына қанығып, тынымсыз шапқылап жүретін. Ескі машинаның ішінде бір бала аунап жататын. Меңгеруші – атам. Көлік от алғанда тұра жүгіріп, ішінен түспей қоятын едік біз. Бала күннен қойшылық кәсіптің жай-жапсарын жете білуге осы бір жағдаят әсер еткен болуы керек. Қысы-жазы тақымы аттан босамай, қара қойдың соңында жүру қияметті тіршілік. Жаз мезгілінде шопан қауымы арқасын кеңге салып, еркін жүреді. Көктем мен қыста қайнаған өмірдің ортасына түседі. Әсіресе, қой қоздай бастағанда күн демей, түн демей шаруашылықтың басынан табылады. Бұл істі социалистік жарыс дейтін ұғым тіпті қыздырып жібереді. Сол кезеңдегі газет тігінділерін ақтарсаңыз, «шопандар 100 саулықтан 150 қозыдан алды» деген деректі міндетті түрде көресіз. Айтуға оңай, ақпараттың арғы жағында азапты еңбектің жатқанын аңғарасыз. Ерте көктемде, күннің қабағы әлі жыли қоймағанда туған қозыларды үйлеріне кіргізіп алады. Суықта қатып қалмауы керек. Осыны бүгінгі балаларға айтсаң, ертегі сияқты қабылдайды. Айпад пен айфонды құшақтап туған баланың миы малмен араласып жатуды түсінбейді себебі. Қыстың да әбігері көп. Сүйектен өтер суықта айдалада жападан-жалғыз қой қайырып жүргеннің өзі жүйкеңе біраз салмақ салады. Қарайған қойды ит пен құсқа алғызбай, табиғаттың тосын мінезіне ұрындырмай аман сақтау үшін де ептілік қажет. Өйткені, қой бағу – ой бағудан да қиын.
Кеңес өкіметі тарап, егемендік келгенде шаруашылықтардың шатқаяқтап кеткенін көрдік. Қойдың да құны қалмады. Жеңгелеріміз бір қорап сабынға бір қойды айырбастаған заман да болған.
Осыдан-ақ қолдағы малдың қаншалықты құнсызданғанын көре беріңіз. Дей тұрғанмен, өмір өзгерді. Дүние өзге өңге енді. Бір кездері босап қалған ен даланың кеудесін малдың тұяғы қайтадан дүбірлете бастады. Жекелеген шаруашылықтардың қойы бұрынғы кеңшардың есебінде болған малдың санына жетеғабыл жағдайға жеттік. Міне, Шиелі ауданының Майлытоғай ауылындағы «Асан» шаруа қожалығы осындай ұжымның бірі. Әулеттің иесі Мадияр ақсақал көзін ашқаннан қой баққан. Бір ғана Сырдария ауданының емес, барша аймаққа аты тараған кәнігі шопан. Еңбегінің еленгені шығар, «Еңбек Даңқы» орненінің үшінші және екінші дәрежесін кеудесіне тақты. Осы орденнің біріншісін алып, Социалистік Еңбек Ері атағымен теңесетін кезде, одақ тарап кетті. Әйтпесе, дап-дайын Еңбек Еріңіз осы кісі еді. «Ата көрген оқ жонар» дейді қазақ. Бұл үйдің балалары да жастайынан малдың жайын жетік біліп өсті. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жан-жақтан нәсіп іздемей, өз оттарының басында қалып, шаруа қожалығын құрып, мал өсірумен айналысқаны да сондықтан болса керек. Ал қожалықтың жұмысы Жалғас Асановтың мойнында. Сенбегендік, не өзім білемдік емес. Қойды да өзі бағады. Бұл оның әулеттік жұмысқа бар ықыласымен берілгенін көрсетсе керек. Әйтпесе, ақысын төлеп, шопанын жалдап, шырт түкіріп жүрсе де болады. Бірақ одан тірлік оңбайды. Сондықтан атадан балаға мирас болып келе жатқан кәсіпті бар зейінімен істейді.
Бүгінде «Асан» шаруа қожалығының есебінде 1264 бас «Сухандария Сұр» сипатты қаракөл қойы бар. Баяғының бай-бағландары отар-отар қой айдапты дегенде оның саны да осы шеңберде болған шығар. Қойдың жүні де, еті де ақша. Көзін тауып, өнімін өткізе алса, қыруар қаржы кіріс болмақ. Жалғас Асанов оның да ретін тапқан. Соның арқасында осы көрсеткіштер бойынша «Асан» қожалығы облыста алдыңғы орында тұр. Оның үстіне мал шаруашылығымен айналысатын адамдарға мемлекет те зор қолдау көрсетіп келеді. Бұрындары ірі қараға қаржы мол бөлінетін. Жуырда «Алтын асық» атты бағдарлама қабылданып, уақ малдың басын арттыруға да ақша беріле бастады. Аталған бағдарлама бойынша «Асан» шаруа қожалығы Оңтүстік Қазақстан облысынан 260 бас асыл тұқымды қой сатып әкелді. Біле-білген адамға мұның өзі үлкен көмек.
«Ердің атын еңбек шығарады» деген мақал бар. Өткен жылдың соңында Жалғас Асанов аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтың қолынан «Жылдың үздігі» атағын алды. «Үздік қой өсіруші» номинациясы бойынша бүгінде Жалғас Асановтың алдына түсетін адам некен-саяқ.
– Еңбектің еленгені ерекше қуантты. Қияметті тіршілігімізді бағалап, оны ескеріп жатқан ел ағаларына алғыс айтамыз. Алдағы уақытта да еліміздің өсіп-өркендеуіне өз үлесімізді қоса бермекпіз,– дейді Жалғас.
Сөз бен іс қағыспай жатқан кей сәттерде Жалғас Асанов секілді үндемей жүріп үлкен жұмыс тындыратын азаматтарды көріп, көңіл қуанады. Аттандамай, айқайламай, кеуде соқпай-ақ елге ерен еңбек сіңіріп, онысын ешкімге міндеттемейтін ерлерден айналып қана кетесің ғой.
Ержан БАЙТІЛЕС,
«Егемен Қазақстан».
Қызылорда облысы.

Бибісара Асаубаева көш басына шықты
Шахмат • Бүгін, 19:58
Ерлан Қошанов 155 елден келген әріптестеріне жаңа Конституция туралы айтып берді
Парламент • Бүгін, 19:36
45 қалада кәріз жүйесін салу және жаңарту жұмыстары жүргізіледі
Аймақтар • Бүгін, 19:10
Балуандарымыз Бішкектегі Азия чемпионатында жеті жүлде алды
Күрес • Бүгін, 18:58
Алаяқтықтың алдын алу: Ұстаздар арасында арнайы акция ұйымдастырылды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:42
Түйткілі көп газ мәселесі: Нысандарда қауіпсіздік ережелері неге сақталмайды?
Қоғам • Бүгін, 18:08
Цирфлық сервис: Депутат «тәуелсіз қызметкер» мәртебесін бекітуді ұсынды
Парламент • Бүгін, 18:02
Мемлекет басшысы Түркияға жұмыс сапарымен барады
Президент • Бүгін, 17:30
Еліміздің энергетикалық нысандарында ауқымды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр
Энергетика • Бүгін, 17:22
Сақ болыңыз: Алаяқтар медицина қызметкері ретінде хабарласа бастады
Қылмыс • Бүгін, 17:07
Жәнібек Әлімханұлы P4P рейтингінде үздік бестікке енді
Бокс • Бүгін, 16:59
Қазақстандағы жүйелі реформалар Вашингтонда таныстырылды
Саясат • Бүгін, 16:46
Теміртаудың бірнеше шағын ауданында көп жылдан бері алғаш рет жылыту маусымы апатсыз өтті
Аймақтар • Бүгін, 16:38
Шымкент базарларында жалған «Coca-Cola» сусындары сатылған: Компания шағым түсірді
Оқиға • Бүгін, 16:28