Таным • Бүгін, 09:50

Ғалам ғажаптары: Ғарышкер туристер жерге оралды

52 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үш әуесқой турист ғарышқа саяхатын 10 қыркүйекте бастаған еді. 1 400 шақырым биіктікке кө­те­ріл­ген саяхатшылар аман-есен жерге оралды.

Ғалам ғажаптары: Ғарышкер туристер жерге оралды

Алғаш рет ақылы рейс арқылы ғарышқа ұшқан туристер Джаред Айзекман мен Сара Гиллис қызықты мәліметтер таптық дейді. Бұл туралы германияның «Bild» басылымы жазды. Осылайша, «Polaris Dawn» ғарыш кемесі ерекше миссиясын сәтті аяқтады. Олар өткен жексенбі күні Флориданың оңтүстігіндегі теңізге қонды. Алдағы уақытта саяхаттары туралы толық мәлімет береді.

 

Ерекше киіз үй

ап

«Lego» компаниясы көшпелілер мәдениетін дәріптейтін киіз үй ойыншығын шығармақ.

Құрастырмалы ойыншық шығаратын «Lego» компаниясы көшпелілер мәдениетін дәріптейтін киіз үй ойын­шы­ғын шығармақ. Оның әлемдегі ең та­ны­мал ойыншықтардың бірі екені мәлім. Ол балалардың қиялын дамытып, шығармашылық қабілетін арттырады. «Lego Nomad Yurt» жобасына дауыс беру — бұл тек ойыншық шығару емес, мә­дени мұрамызды сақтап, оны келешек ұр­­паққа жеткізу. Lego киіз үйі ұлттық құн­­дылықтарымызды насихаттап қана қой­май, еліміздің туристік әлеуетін де арт­тырады», дейді жоба автор Айнұр Полатова.

 

Ақылды құс

ап

Жер бетіндегі ең нәзік жаратылыс иесі құстар шығар. Өздерін қор­ғауға небір айла-тәсіл жасап жа­тады. Соның бірі – жасырын бөлме салу.

Африканы мекен ететін Антоскоп тұқымдас құстар ерекше ұя жасайды. Олар ұяның ішінен жасырын бөлме салады. Бөлменің қақпағын өздері аша ала­тындай етіп, жасырып қояды. Бұл әдіс жұмыртқаларды жыландардан және басқа жыртқыштардан сенімді қорғайды. Ға­лымдар құстардың мұндай тәсілді қайдан әрі қалай үйренгендерін зерттеп жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Өңір және Жолдау жауапкершілігі

Аймақтар • Бүгін, 08:15