Фото: freepik.com
Қалалық әкімдіктің қаулысына сәйкес Екібастұзда 16 қыркүйектен бастап жылыту маусымы басталды. Қалада ең алдымен әлеуметтік сала объектілері жылумен қамтылады.
Ал 21 қыркүйектен бастап көпқабатты үйлерге кезең-кезеңімен жылу беріледі деп жоспраланып отыр. Осылайша, 16-23 қыркүйек аралығында жеке тұрғын үй секторын жылумен жабдықтауға кезең-кезеңімен қосу жүргізіледі.