Қоғам • 18 Қыркүйек, 2024

«Майқайыңалтындағы» апат: Күдіктілер қамауға алынды

149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шахтаға құлап кеткен 4 адамның өліміне қатысты қозғалған іс бойынша «Майқайыңалтын» АҚ қызметкерлері қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Майқайыңалтындағы» апат: Күдіктілер қамауға алынды

Фото: ҚР ТЖМ

Ұсталған азаматтар тау-кен және құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық іске тартылды. Қазіргі уақытта кәсіпорынның алты қызметкері уақытша ұстау изоляторында отыр.

«Павлодар облысының полициясы тау-кен және құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық істі тергеу аясында «Майқайыңалтын» АҚ-ның алты жауапты қызметкері ұсталып, Павлодар ПБ УҰИ-ға қамауға алынды», деп түсіндірді Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Еске сала кетейік, осы жылдың 4 қаңтарына қараған түні сағат 01:25 шамасында Павлодар облысының Баянауыл ауданында «Майқайыңалтын» АҚ аумағында 4 жолаушысы бар автобус ойыққа құлап кеткен еді. Апат кезінде автобуста 4 адам болған.