Білім • 19 Қыркүйек, 2024

Ұлттық жобаның ұтымды тұсы

78 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы сәтті жүзеге асып келеді. Жуырда Қараөткел ауылының 1500 оқушысы үшін ІT бағытындағы тағы бір мектеп оқушыларға есігін айқара ашты.

Ұлттық жобаның ұтымды тұсы

Жаңа оқу жылынан бастап Целиноград ауданында үшінші жайлы мектеп ашылып, ата-аналарды қуа­нышқа бөлеп отыр. Білім ошағы заман талабына сай жабдықталған. Қосымша білім беру сабақ­та­рын өткізуге арнал­ған кабинеттер, хореографиядан ро­боттехникаға дейін­гі әр­түр­лі үйірме жұмыс іс­тейді. Қауіпсіз­дік камера­лары мен дабыл түймелері орна­тылған.

Облыс әкімі Марат Ахмет­жанов Қара­өткелге арнайы ке­ліп, мектеп оқушы­ларын білім ошағының ашылуымен құт­тықтады.

– «Жайлы мектеп» жобасы мектептерде орын тапшылы­ғы мәселесін шешеді, – деді облыс әкімі, – қала мен ауыл мек­тептері арасындағы ал­шақ­тықты азайтады. Өскелең ұрпақ­тың үйлесімді және ба­қыт­ты балалық шағы – жалпы­ұлттық міндет.

Осы уақытқа дейін мектеп­тегі орын тап­шы­лығын сезініп келген ауыл тұрғындары да ақ түйенің қарны жарылған әдемі оқиғаға разы.

– Біз ауылда елорда мек­­теп­­терінен сынық сүйем кем түс­­пейтін осындай заманауи әрі әдемі мектеп ашылады деп ой­ламаған едік. Ел Пре­зи­дентінің болашақ қамын ойлап, жасап жатқан қамқор­лығына шын жүректен ризамыз, – дейді ауыл тұрғыны Гүлнұр Аманова.

Білім ошағында жас жол инс­пек­тор­ларының каби­неті, сондай-ақ кәмелетке толма­ған­дар арасындағы құқық бұзу­шы­лықтардың алдын алу бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл және «Бір­тұтас тәрбие» бірыңғай тәр­бие бағдарлама­сы аясында ашылған «СКУД», «Alaqan» мек­тептерінің қауіп­сіздік жү­йе­лері таныстырылды. Мұн­дай сыныптың ашылуы, ең ал­­дымен, патриотизм мен Отан­ға деген сүйіспеншілікті тәр­биелеуге, мектеп ортасында құқық бұзушылықтардың алдын алуға, оған қоса маман­дық таңдауға көмектесуге бағыт­талған.

Жыл соңына дейін өңірде 10 мектеп пай­далануға беріл­мек. Оның алтауы жайлы мек­теп санатында.

 

Ақмола облысы,

Целиноград ауданы