Оқиға • 19 Қыркүйек, 2024

Полиция бопсалаумен айналысқан 20-дан астам жастар тобын ұстады

129 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда бопсалаумен айналысқан 20-дан астам жастар тобы ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке  сілтеме жасап.

Полиция бопсалаумен айналысқан 20-дан астам жастар тобын ұстады

Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, биыл полиция қызметкерлері бопсалаудың 400-ден астам дерегін тіркеген. Оның 39-ы мектептер мен колледждерде жасалғаны белгілі болды. Оқу орындарында 60 мыңға жуық профилактикалық іс-шара өткізіліп, онда бопсалау, буллинг және зорлық-зомбылық көрсетумен байланысты мәселелер талқыланған.

Сонымен қатар, мектептер мен колледждерде анонимді сауалнамалар жүргізіліп, оқушылар арасында бопсалаудың 50-ден астам ықтимал фактісі анықталған. Барлық жағдайдың тексерілетіні хабарланды.

Жыл басынан бері бопсалаумен айналысатын 23 жастар тобының әрекетіне тосқауыл қойылған.

«Қыркүйек айында Ақтөбе қаласында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері колледждің кәмелетке толмаған студентін ұстады. Ол 15 жастағы жасөспірімнен 50 мың теңге көлемінде ақша бопсалаған. Күдікті құрықталып, сотқа дейінгі тергеу басталды», деп хабарлады ІІМ-нің баспасөз қызметі.

Тағы бір оқиға Жамбыл облысында жасөспірім жеке деректерді таратамын деп қорқыту арқылы өз қатарластарынан ақша бопсалаған. Осындай 8 факт тіркеліп, қылмыстық іс сотқа жіберілген.

Ал, Петропавл қаласында полиция қызметкерлері жастар тобының мүшелерін ұстаған. Олар зорлық-зомбылық пен қорқыту арқылы жәбірленушілерді қарыз рәсімдеуге мәжбүрлеп, кейіннен оны қолма-қол ақшаға айналдырып отырған. Күдіктілер қамауға алынған.

Ішкі істер министрлігі қылмыстың бұл түрі үшін 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілік қарастырылатынын еске салды.  



 

Соңғы жаңалықтар

Қырғызстанда жер сілкінді

Әлем • 31 Желтоқсан, 2024

Полиция күшейтілген қызмет режиміне көшті

Заң мен Тәртіп • 31 Желтоқсан, 2024

Президент жаңа жылды қалай қарсы алады

Президент • 31 Желтоқсан, 2024

Қазақстанда қанша шетелдік ЖСН алды

Қазақстан • 31 Желтоқсан, 2024

Жол құрылысындағы соңғы серпіліс

Қоғам • 31 Желтоқсан, 2024

Мамания мектебінің мәртебесі көтерілді

Аймақтар • 31 Желтоқсан, 2024

Ақжайықтың алғашқы жайлы мектебі

Аймақтар • 31 Желтоқсан, 2024

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

Ауа райы • 31 Желтоқсан, 2024

Таңдаулы тілдер қатарында

Кино • 31 Желтоқсан, 2024

Өжет әйел туралы фильм

Кино • 31 Желтоқсан, 2024