Шаруашылық • 19 Қыркүйек, 2024

Су қоймаларына 15 млн балық шабағы жіберіледі

69 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласының Орталық саябағы маңында Есіл өзені, Зеренді балық питомнигіне республикалық бюджет қаражаты есебінен, мемлекеттік тапсырыс аясында өсірілген 250 мың балық шабағы жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Су қоймаларына 15 млн балық шабағы жіберіледі

фото: ҚР АШМ

Шабақ жіберуге ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитетінің, Астана қаласы әкімдігінің, қоғамдық ұйымдардың, ғылыми ұйымның, С.Сейфуллин атындағы ҚазҰАТУ студенттерінің және Астана тұрғындарының өкілдері қатысты.

Табиғи су қоймаларындағы балық ресурстарын сақтау және тұрақты пайдалану мақсатында, сондай-ақ Астана тұрғындарының демалуына рекреациялық жағдайлар жасау үшін жыл сайын балық жіберу жұмыстары жүргізіледі.

Айта кететін жайт, балық шаруашылығы кәсіпорындары қазан айының соңына дейін Арал-Сырдария, Балқаш-Алакөл және Есіл бассейндерінің су қоймаларына тағы 15 млн балық шабағын жіберуді жоспарлап отыр.