Алматы • 20 Қыркүйек, 2024

Алматыда 13 адамның өліміне әкелген хостелдегі өрт: Іс сотқа жіберілді

55 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының прокуратурасы 2023 жылдың 30 қарашасында 13 адамның өмірін қиған хостелдегі өртке қатысты тергеудің аяқталғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда 13 адамның өліміне әкелген хостелдегі өрт: Іс сотқа жіберілді

Қазіргі таңда іс сотқа жіберілген. Прокуратураның ақпаратына сәйкес, бұл оқиға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 292-бабының 3-бөлімі “Екі және одан көп адамның абайсызда өліміне әкеп соққан, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу” бабы бойынша қаралда.

- Екі адамға айып тағылды. Қылмыстық іс айыптау актісімен Алмалы ауданының сотына қарауға жіберілді, – делінген қалалық прокуратура таратқан хабарламада.

Қазақстан Республикасы қылмыстық-процессуалдық кодексіне сәйкес тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда өртенген хостелдің басшысы ұсталғанын хабарлаған едік. Сонымен қатар Алматы әкімдігі хостелде қаза болған қазақстандықтардың отбасына бір миллион теңгеден бөлетінін айтты.