Технология • 20 Қыркүйек, 2024

Шөп шабатын «танк»

1247 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Атырау қаласының маңында бірнеше елді мекен бар. Жергілікті тұрғын Бағытжан Досанов Кеңөзек, Алғабас ауылдарының көшелерінде өскен арам шөпті «танкпен» шауып жүр.

Шөп шабатын «танк»

Бұл техника 15-20 адамның жұмысын атқарады. Техника әскери танк үлгісінде жасалған. Жаңалыққа жаны құмар жігітте Қытайда шығарылған техниканың екеуі бар.

«Бірнеше жылдан бері жеке кәсіппен айналысып жүрмін. Биыл Атырау қаласының маңындағы Кеңөзек, Алғабас елді мекенінің көшесінде өскен арам шөпті шабу конкурсына қатысқан едім. Бұл істі атқару үшін бірнеше адамды жұмысқа тарттым. Жұмысшылар арамшөпті триммер аппаратымен шапты. Бірақ аптап ыстықта арамшөпті шабу оңай емес. Оған қоса тұрақты істейтін жұмысшыларды табу қиын. Осындай себеппен, интернеттен шөп шабатын техниканы іздестірдім. Сондай екі техниканы Қытайға барып, сатып алып келдім», дейді Бағытжан Досанов.

Оның айтуына қарағанда, «танкте» 200 аттың күші бар. Ал салмағы – 400 кило.

«Бұл техникамен кез келген шөпті шабуға болады. Техника пультпен басқарылады. Сол себептен, 50-60 метр қашықтан басқару мүмкіндігі бар. Шынжыр табанды «танк» жол талғамайды. Су айдындарының жағасынан да, батпақта жерден де шөп шабуға болады. Техниканың барлық әрекеті пультпен реттеледі», дейді ол.

Бір ерекшелігі, «танк» шабылған шөпті уатып жібереді. Ал қыста жаяу адамға арналған жолдың қарын күреуге болады. Шөп шапқанда, не қар күрегенде бензин құяды. Бір көшеден екіншісіне жеткізу үшін аккумулятор қолданады. Алдағы уақытта жұмыс ауқымы көбейсе, тағы осындай техниканың бірнешеуін сатып әкелуді көздеп отыр.

 

Атырау облысы 

Соңғы жаңалықтар

Берекелі грант

Қоғам • Кеше