27 Қаңтар, 2015

Алексис Ципрас Грекияның жаңа премьер-министрі болды

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

27-01-15-cipras-1

АСТАНА. 27 қаңтар. Оппозициялық радикалды оңшыл «Сириза» партиясының лидері Алексис Ципрас дүйсенбі, 26 қаңтар күні Грекияның жаңа премьер-министрі ретінде ант қабылдады. Бұл туралы ТАСС хабарлады. «Қалыптасқан дәстүрге сай Алексис Ципрас Грекия заңдарын сақтауға және грек халқының мүддесі үшін қызмет етуге ант берді. Салтанат президент сарайында мемлекет басшысы Каролос Папульястың қатысуымен өтті», -деп атап өтті агенттік. Грекия ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, кезектен тыс парламент сайлауында «Сириза» партиясы жеңіске жеткен. Ол сайлаушылардың 36,34 пайыздық қолдауына ие болып, парламенттегі 300 орынның 149-н алған. Премьер-министр Антонис Самарас басқаратын оңшыл центрист «Новая демократия» партиясы 27,81 пайыздық дауысқа (76 орын) қол жеткізді. Үшінші орында – әсіре оңшыл «Хриси Авги» («Алтын арай»). Ол 6,28 пайыз дауыс жинап, 17 орынды еншіледі. Бұдан 6,05 пайызды (17 орын) ультра центристік «Потами» («Өзен»), 5,47 пайызды (15 орын) Грекия коммунистік партиясы, 4,75 пайызды (13 орын) оңшыл центристі «Тәуелсіз гректер» (АНЭЛ) партиясы 4,68 пайызды (13 орын) Бүкілгректік социалистік қозғалысы (ПАСОК) тұр. «Сириза» партиясының лидері Алексис Ципрас түпкілікті жеңіске жеткен жағдайда Халықаралық валюта қоры мен Еуропа одағы секілді халықаралық кредиторлар енгізген қатаң үнемдеу саясатынан бас тартатынын мәлімдеді. Мұрат Айтқожа. Дерек, фото: ТАСС.