Оқиға • 20 Қыркүйек, 2024

Абай ауданындағы шахтада жұмысшы қаза тапты

125 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай ауданындағы Орлов шахтасында тау жынысы опырылып, салдарынан кәсіпорынның қызметкері қаза тауып, тағы біріне медициналық көмек көрсетілген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абай ауданындағы шахтада жұмысшы қаза тапты

Фото: Ашық дереккөз

«2024 жылдың 19 қыркүйегінде сағат 14:20 шамасында кәсіпорынның екі қызметкері зардап шекті. Алдын ала себеп - тас массасының опырылуы. Зардап шеккендердің бірі алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды. Екіншісіне медициналық көмек көрсетілген соң үйіне қайтарылды», деп хабарлады компаниядан.

Қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылғаны хабарланды. KAZ Minerals Group директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачук апатты тергеуге жеке қатысу үшін Орлов шахтасына барған.

«KAZ Minerals тобының басшылығы мен ұжымы марқұмның отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Компания марқұмның отбасына жан-жақты көмек көрсетеді», деп атап өтті компания өкілдері.

 

Соңғы жаңалықтар

Берекелі грант

Қоғам • Кеше