Фото: arnapress.kz
Облыстық прокуратураның мәліметінше, «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен көппәтерлі тұрғын үйлер салу үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тартуға тыйым салынады. Мұндай мәмілелер жарамсыз деп танылады.
«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамалық актінің талаптарын бұзғаны үшін прокуратура құрылыс салушыға қатысты әкімшілік іс қозғады және сотқа қарауға жіберілді. 2024 жылғы 29 шілдеде сот қаулысымен құрылыс салушы 775 320 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды», делінген хабарламада.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.