Оқиға • 20 Қыркүйек, 2024

Енді ел азаматтары қызмет көрсету ақысын мәзірде көрсетілген болса ғана төлейді

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, бөлшек сауда және қоғамдық тамақтану саласындағы қоғамдық бірлестіктердің, сондай-ақ бизнес-қоғамдастықтың өкілдерімен кездесті. Кездесуде мейрамханалар мен дәмханаларда келушілерге қызмет көрсеткені үшін 10% төлем алу тәжірибесінің заңдылығын, сондай-ақ депозиттік жүйе мәселелері талқыланған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Енді ел азаматтары қызмет көрсету ақысын мәзірде көрсетілген болса ғана төлейді

Фото: mixnews.lv

Министрдің айтуынша, Қазақстанның Азаматтық кодексіне сәйкес, қоғамдық тамақтану саласында ас мәзірін ұсыну жария оферта екенін, сондай-ақ қызмет көрсету үшін ақы төлеу қажеттілігі туралы ақпарат ас мәзірінде көрсетілуге тиіс екенін еске салды. Егер ондай ақпарат болмаса, онда төлемақы алу заңсыз деп есептелінетінін тілге тиек етті.

«Келушілерге қызмет көрсеткені үшін заңсыз ақы алуды болдырмау үшін Ішкі сауда ережесіне өзгерістер енгізілді. Енді мейрамханалар қызмет көрсету ақысын тек мәзірде көрсетілген жағдайда ғана ала алады. Сондай-ақ, «депозиттік жүйеге» тыйым салатын ережелер айтылды. Келушілер үшін кіру тегін болып қалады, алайда қосымша қызметтер үшін, мысалы, VIP-кабина, караоке-кабина үшін ақы алуға болады», деді Арман Шаққалиев.