ПЕТРОПАВЛ. 27 қаңтар. Петропавл қалалық мәдениет үйінде Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет төрағасының орынбасары, өртке қарсы қызмет генерал-майоры Серік Әубәкіровтің төрағалығымен Солтүстік Қазақстан облыстық департаментінің өткен жылы атқарған жұмыстарының қорытындысына және алда тұрған міндеттерді, сонымен бірге сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерін талқылауға арналған кеңес болып өтті. Аталмыш шараға облыс әкімінің орынбасары Владимир Бубенко қатысты. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент бастығының міндетін атқарушы, өртке қарсы қызмет полковнигі Әсет Ысмағұловтың есебіне қарағанда, былтыр 235 шара өткізілген. Қарлы бұрқасын құрсауынан 497 адам мен 98 техника босатылып, қауіпсіз жерге көшірілген. Облыс аумағында төтенше жағдайларды жою үшін құрамында 1 032 адам мен 440 техника бар 14 шұғыл қимыл жасағы құрылып, жұмыс істеуде. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірқатар ауылдарда өрт сөндіру қосындары құрылған.
Қазіргі уақытта ауылдық елді мекендерде 157 өрт сөндіру автомобилі және 1 017 бейімделген техникасы бар 497 ерікті өрт сөндіру құрылымы жұмыс істейді. 123 зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілген.
Департамент қызметкерлері төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында облыстың 505 нысанына тексеру жүргізіп, өрт қауіпсіздігін сақтауға салғырт қараған 546 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Атқарылған шаралдарға қарамастан өткен жылы облыста 155 төтенше жағдай орын алған. 812 өрт оқиғасы тіркеліп, 119 миллион теңге материалдық шығын келген. 47 адам қаза тапқан.
Өмір Есқали.
Дерек: Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі.
Сурет: news.nur.kz.

Грант, сыйлық, шәкіртақы: Дарынды жастардың дамуына жол ашатын бастамалар
Жастар • Бүгін, 18:44
Қарағандыда 10 жасар баланы тоқ соқты
Оқиға • Бүгін, 17:56
Қызылорда облысында жоғалып кеткен 6 жасар қыздың мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Астанада тағы бір көше ішінара жабылады
Елорда • Бүгін, 16:58
«Ролан Гаррос» турнирі: Данилина мен Крунич финалда жеңілді
Спорт • Бүгін, 16:40
Маңғыстау-Семей пойызының жолаушылары тарақандарға байланысты шағым жасады
Оқиға • Бүгін, 15:56
Тұтас бір аудан ішімдіктен бас тартты
Қоғам • Бүгін, 15:29
Қазақстанда кейбір интернет-ресурстардың жұмысы уақытша қиындады
Оқиға • Бүгін, 14:59
Astana Half Marathon 2026: Жаңа рекорд орнады
Елорда • Бүгін, 14:36
Қырғызстанда сел кезінде мектеп оқушысы жоғалып кеткен
Оқиға • Бүгін, 13:58
АҚШ-та атыс болып, 12 адам жарақат алды
Әлем • Бүгін, 13:31
Ұлыбританиядағы жеңіс: Иван Дычко қарсыласын нокдаунға жіберді
Спорт • Бүгін, 12:53
Мемлекетке қайтарылған қаржы: Балқаш ауруханасы жаңа келбетке ие болды
Медицина • Бүгін, 12:35
Өзі құрастырған ұшақ алғашқы ұшуда апатқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 12:06
Параатлеттер Astana Half Marathon жарысына қатысты
Спорт • Бүгін, 11:49