Ауа райы • 20 Қыркүйек, 2024

Ауа райы: Алдағы үш күннің болжамы ұсынылды

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер алдағы үш күннің ауа райы қандай болатынына болжам жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ауа райы: Алдағы үш күннің болжамы ұсынылды

Фото: freepik.com

Қыркүйектің 20-23 күндері республиканың батысында, солтүстік-батысында түнде үсік күтіледі, батыста және оңтүстікте жаңбыр жауады. 22 қыркүйектен бастап еліміздің батысында жауын-шашынның тоқтайтыны болжанған. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, түнде және таңертен тұман түседі, батыста, солтүстік-батыста, орталықта топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік күтіледі.

Күндіз ауа температурасы батыста +20+25°С-тан +15+20°С-қа дейін, солтүстікте +17+22°С-тан +8+18°С-қа дейін төмендейді. Ал қалған аумақтарда күрт өзгерістер күтілмейді.