27 Қаңтар, 2015

Ресейде дін тақырыбында карикатура жариялауға тыйым салынды

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

27-01-15-izdania-1

АСТАНА. 27 қаңтар. « Роскомнадзор» РБК газеті мен бес электронды БАҚ-тар редакциялары мен құрылтайшыларына дін тақырыбында карикатура жариялағандары үшін ескерту жасады. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады. «Роскомнадзор» бұдан былай дін тақырыбында карикатура таратушы БАҚ-тардың лицензиялары алынатынын ескертті. РБК агенттігінің 15 қаңтарда жарияланған «Мұның әл-Каида екенін журналистерге айт»  деп аталатын мақаласына байланысты жазылған ескерту мәтініне сәйкес, оның жанында «мұсылмандардың діни сезімдерін қорлап, дін аралық алауыздықты қоздыратын» суреттер қоса жарияланған. «Роскомнадзор» мұндай фактілерді БАҚ туралы және «Лаңкестік іс-әрекеттерге қарсы қимылдар туралы» заңдар талаптарын бұзушылық ретінде бағалайды. Осындай ескертулер сондай-ақ «Век» басылымына, «ВК Пресс» ақпарат агенттігі жүйесіне, «Интерновости. Ру»электронды мерзімді басылымына және «Лениздат. Ру» интернет-басылымына жасалды. Олардың бәрі француздың Charlie Hebdo сатиралық журналына арналған діни сезімдерді қорлайтын карикатуралар жариялаған. Ал www.kurier-media.ru басылымына француз журналының электронды нұсқасын жариялағаны үшін ескерту берілді. Өткен аптада діни тақырыпта карикатура жариялаған тағы төрт БАҚ – «Ленинград облыстық ақпарат агенттігі» («Леноблинформ»), RB.ru (Russian Bisiness), RuNews24.ru сайттары мен «Республика» порталы ескерту алды. Мұрат Айтқожа. Дерек, сурет: Lenta.ru.