Оқиға • 23 Қыркүйек, 2024

Аралас жекпе-жек спортшысының өлі денесі табылды

148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтау қаласындағы 3 шағын аудан маңынан аралас жекпе-жек шебері Вусал Жафаровтың мәйіті табылған, деп хабарлайды Egemen.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Аралас жекпе-жек спортшысының өлі денесі табылды

фото Lada.kz

Қайғылы жағдай туралы ақпарат WhatsApp әлеуметтік желісінде тараған. Таратылған суреттерден көз жұмған адамның аралас жекпе-жек өнерінің шебері Вусал Жафаров екені белгілі болған.

Полиция департаменті бұл мәліметті растаған.

«Мәйіттің табылуына байланысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары  басталып, сараптама тағайындалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпараттар жарияланбайды», делінген ведомоство хабарламасында. 

Ашық ақпарат көздеріндегі дерек бойынша, Вусал Жафаров 1994 жылы 10 қаңтарда дүниеге келген. Кәсіби мансабын 2015 жылы бастаған. Ол төрт жекпе-жек өткізіп, біреуінде жеңіске жетіп, үшеуінде жеңілген.

Соңғы жаңалықтар

Берекелі грант

Қоғам • Кеше