Оқиға • 23 Қыркүйек, 2024

Алматы облысында жол апаты болып, 3 адам көз жұмды

128 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қайғылы оқиға Еңбекшіқазақ ауданының аумағында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысында жол апаты болып, 3 адам көз жұмды

Фото: instagram/kris_p_issyk

Zeekr 001 электркөлігінің жүргізушісі Талғар-Есік тасжолында қарсы бағытқа шығып кетіп, Daewoo Matiz көлігіне соғылған. 

Әлеуметтік желіде тараған мәліметке қарағанда, Daewoo Matiz көлігінің 2 жолаушысы оқиға орнында жан тапсырған. Ал жүргізуші есін жимай, жансақтау бөлімінде көз жұмған.

Полиция қылмыстық іс қозғап, Zeekr 001 көлігінің жүргізушісін қамауға алған, тергеу амалдары жалғасып жатыр.