Тағайындау • 23 Қыркүйек, 2024

Қарағанды ​​облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

111 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теміртау қаласының бұрынғы әкімі Ораз Таурбеков Қарағанды ​​облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағанды ​​облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Фото: gov.kz

«Құсайын Ерлан Бейсембайұлы басқа қызметке тағайындалуына байланысты лауазымынан босатылды. ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Ораз Қайсаұлы Таурбеков облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды», деді облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.

Ораз Таурбеков денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және еңбек қауіпсіздігі мәселелерін қадағалайтын болады.

Ораз Таурбеков салық қызметінде жұмыс істеп, бірнеше облыста салық инспекторы қызметінен облыстық басқармалардың басшысына дейін жеткен. 

2022 жылдың қыркүйегінен бастап осы уақытқа дейін Теміртау қаласының әкімі қызметін атқарған.

Соңғы жаңалықтар

Берекелі грант

Қоғам • Кеше