Фото: gov.kz
«Құсайын Ерлан Бейсембайұлы басқа қызметке тағайындалуына байланысты лауазымынан босатылды. ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Ораз Қайсаұлы Таурбеков облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды», деді облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.
Ораз Таурбеков денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және еңбек қауіпсіздігі мәселелерін қадағалайтын болады.
Ораз Таурбеков салық қызметінде жұмыс істеп, бірнеше облыста салық инспекторы қызметінен облыстық басқармалардың басшысына дейін жеткен.
2022 жылдың қыркүйегінен бастап осы уақытқа дейін Теміртау қаласының әкімі қызметін атқарған.