фото ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі
Елімізде республикалық экологиялық «Таза Қазақстан» акциясы жалғасып жатыр. «Артыңда мал қалғанша, тал қалсын» деген нақыл сөзді іске асыруға елордалықтар да жұмыла кірісті. Акция аясында Астанада бір млн астам жасыл желек, ал жасыл белдеу аймағында 200 мың түп көшет отырғызу жоспарланған.
Дәстүр бойынша әр сенбі сайын министр генерал-майор Шыңғыс Әрінов бастаған төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері де жас шыбықтарды отырғызуға үлес қосып келеді.
Бұл жолы құтқарушылар 100-ден астам көшет отырғызды.