Таным • 24 Қыркүйек, 2024

Ғалам ғажаптары: Орман қорғаушы жасанды интеллект

106 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ұлыбритания ғалымдары ор­мандағы өртті хабарлайтын құрылғы жасады. Тың технология қиядағыны бай­қап, от шықса, шұғыл дабыл қағады.

Ғалам ғажаптары: Орман қорғаушы жасанды интеллект

«Pyri» деп аталатын бұл құрылғы жасанды интеллектіге негізделген. Ол орман өртеніп, қызған кезде тиісті орынға дереу хабар береді. Түрі қарағай жаңғағына ұқсас. «Қуатты жылудан, күннен алатындықтан, пайдалану мерзімі шексіз. Құрылғыны орман алқабына әуеден ұшақ арқылы тастауға немесе алыс маңнан лақтыруға болады. Сынбайды, қуаты таусылмайды. Әр елдегі ұлттық саябақтармен се­ріктестік орнатуға әзірміз. Ғаламды жаһандық жылыну жайлаған тұста ор­ман өрті тым жиілеп кетті. Ал мына құрылғының тілсіз жаудың алдын алып, оны ерте анықтауда тиімділігі орасан», дейді жоба авторы Блейк Гудвин.

 

Ағаш егетін дрондар

ва

Бразилия орманды алқапты қалпына келтіру мақсатында дрон қолдана бастады. Нақтырақ айтсақ, ұшу аппараттары оталған ағаштардың орнына әуеден тұқым себеді.

Мамандардың айтуынша, бұл істе құрылғылардың пайдасы зор. Әсіресе адам қолы жете бермейтін жерлерде көмегі көп. Дрондар небәрі бір күнде 50 гектар аумаққа тұқым сеуіп шығады. Яғни адамның еңбек күшінен әлдеқайда жылдам әрі өнімді. Бразилия осы технологияның арқасында бір миллион түп ағаш егуді көздеп отыр.

 

Қайта оралған Тұран жолбарысы

ыв

Елімізге Нидерландтан Амур жолбарыстары жеткізілді. Олар Іле-Балқаш резерватындағы қоршау ішінде ұс­талады. Кейін олардың арландары ашық та­биғатқа жіберіледі.

Тұран жолбарысын Орталық Азияда ұстауға қолайлы орын ретінде Балқаш көлінің оңтүстік жаға­лауы, Есіл өзенінің атырабы таңдалған. «Елімізге екі жолбарыс Нидерландтан әкелінді. Бұл – ерекше оқиға. Іле өзені мен Сыр өзенінің жағасында осы Тұран жолбарысы өткен ғасырдың 40-жылдарында болған. 2025 жылы Ресей Федерациясынан тағы да 3-4 жолбарыс жет­кізіледі», деді Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев.