Фото: www.freepik.com
Депутаттар энергетика тақырыбына ерекше назар аударды. Олар 2030 жылға қарай электр қуатының тапшылығы 13 миллиард киловатт-сағаттан асатыны болжанып отырғаны және оның алдын алудың негізгі шешімі – атом электр станциясын салу екенін атап өтті. Олардың пікірінше, атом электр станциясы энергетикалық мәселелерді шешумен қатар, экологиялық жағдайды жақсартудағы маңызды қадам болмақ.
Гастелло ауылы орта мектебінің ұстаздары мен аудандық аурухана қызметкерлерімен кездесуде атом электр стансасын салудың маңыздылығы талқыланды. Оның қауіпсіздігі мен қоршаған орта және адам денсаулығына тигізетін әсері аз екені айтылды. Кездесулерге «Ядролық физика институты» АҚ Астана филиалы директорының орынбасары Дарын Борбеков қатысып, атом энергиясын пайдаланудың техникалық өзгешелігі мен артықшылығына тоқталды.
Депутаттар барлық азаматты сайлау учаскелеріне келуге және еліміздің болашағына оң ықпал ететін шешім қабылдауға шақырды.