Аймақтар • 24 Қыркүйек, 2024

Павлодар облысының энергетиктері АЭС салуды қолдайды

217 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Ақсуда АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері «Еуроазиаттық энергетикалық корпорация» АҚ еңбек ұжымымен кездесті. Іс-шараға 100-ден астам адам қатысты. Павлодар облысының энергетикалық тұрақтылығын қамтамасыз етіп отырған кәсіпорын қызметкерлері АЭС құрылысына қолдау білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар облысының энергетиктері АЭС салуды қолдайды

Фотолар: «Amanat» партиясының баспасөз қызметі

«Amanat» партиясының баспасөз қызметінен мәлім етілгендей, қазірдің өзінде Қазақстан жыл сайын шамамен 4-5 млрд кВт/сағ электр энергия импорттайды. Негізінен, аталған электр қуаты еліміздің солтүстік өңірінен оңтүстік өңірге жөнелтіледі. Аталған аймақтарда энергия тапшылығы байқалады.

Аманат партиясы
 
«Референдумның маңызы мен міндеттерін жан-жақты түсіндіру үшін Халық штабы құрылды. Оның құрамында депутаттар, партиялар мен түрлі ұйымдар және ел ертеңіне бей-жай қарамайтын белсенді азаматтар бар. Қазіргі уақытта елімізде жұмыс істеп тұрған көмір стансаларының тозу деңгейі шамамен 70 пайызға жетті. Еліміздегі бай табиғи ресурстардың көбі қайта қалпына келмейтін ресурстар екенін ескеруіміз керек. Сондықтан ертеңгі күнге деген сенімді арттыратын тұрақты және қауіпсіз энергия көзі қажет. Бұл ретте дәл осы АЭС ұзақ жылдар бойы энергиямен қамтамасыз ететін әлеуетке ие», деді Мәулен Әшімбаев.

Өз кезегінде, Қазақстан Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева АҚШ, Қытай, Франция сияқты дамыған елдер бейбіт атомның энергиясын белсенді пайдаланатынын айта келе, уран қоры бойынша 2-ші және оны өндіру ісінде 1-ші орында тұрған Қазақстан да атом энергетикасын дамытуға тиіс екенін атап өтті.

Аманат партиясы

Компания қызметкерлері атом энергетикасы тұрақты энергиямен қамтамасыз етуге және ел экономикасының өсуіне жағдай жасауға қабілетті жалғыз шешім екенін атап өтті.