Аймақтар • 24 Қыркүйек, 2024

Батыс Қазақстанда жер сілкінді

51 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елдің батысында магнитудасы 4,1 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Батыс Қазақстанда жер сілкінді

Фото: bigox.kz

ҚР Ұлттық деректер орталығы ұсынған ақпаратқа қарағанда, желі станциялары 24 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 14:20-да Атырау облысында жер сілкінісін тіркеген.

Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, жер асты дүмпулерінің эпицентрі Атыраудан оңтүстік-шығысқа қарай 134 шақырым жерде орналасқан.