Президент поштасынан
Мемлекет басшысының атына Қарағандыдағы “Еуразия” халықаралық экономикалық академиясының академигі, профессор С.Досмағамбетовтен жеделхат келіп түсті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
Автор “Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының қызметін қамтамасыз ету саласында заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заңның күшіне енгенін зор қанағаттанушылықпен қабыл алғанын хабарлайды.
Академик 1991 жылдың өзінде-ақ Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тәуелсіз Қазақстанды өркенді елге айналдыруды мақсат етіп қойғанын еске салады.
“Қысқа мерзімде Сіз бұл міндетті ойдағыдай жүзеге асырдыңыз және бүкіләлемдік тарихқа жаңа егемен де тәуелсіз мемлекетті құрушы ретінде ендіңіз.
Сіздің еңбек жолыңыз – өз халқына, оның мүдделеріне адал қызмет етудің жарқын өнегесі. Сіз біздің елімізде өндірістік-шаруашылық және саяси басқарудың барлық баспалдақтарынан, кезеңдері мен кездерінен өттіңіз. Әлемдік практикада Мемлекет басшысы металлург болып жұмыс істеп, өндіріс ұжымын, қаланы, облысты және республиканы басқару жөнінде зор тәжірибесінің болуы және өз елі үшін соншалықты көп іс атқарып үлгеруі бұл – бірегей оқиға.
Сіз шын мәніндегі Елбасысыз!
Сізді еңбек сіңірген мәртебеңізбен – Елбасылығыңызбен шын жүректен құттықтаймын.
Сізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, Сіздің басшылығыңызбен Қазақстанның өркендей беруін тілейміз”, – делінген жеделхатта.