22 Маусым, 2010

ЕҢБЕК ЖОЛЫ – ХАЛҚЫНА АДАЛ ҚЫЗМЕТ ЕТУ ӨНЕГЕСІ

839 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Президент поштасынан Мемлекет басшысының атына Қарағандыдағы “Еуразия” халықаралық экономикалық академиясының академигі, профессор С.Досмағамбетовтен жеделхат келіп түсті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Автор “Қазақстан Республика­сы­ның кейбір конституциялық заң­да­ры­на Қазақстан Республикасы Тұң­ғыш Президентінің – Елба­сы­ның қызметін қамтамасыз ету са­ласында заңнаманы жетілдіру мә­селелері бой­ынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заңның күшіне енгенін зор қанағаттанушылықпен қабыл алғанын хабарлайды. Академик 1991 жылдың өзінде-ақ Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тәуелсіз Қазақстанды өркенді елге айналдыруды мақсат етіп қойғанын еске салады. “Қысқа мерзімде Сіз бұл мін­детті ойдағыдай жүзеге асырдыңыз және бүкіләлемдік тарихқа жаңа егемен де тәуелсіз мемлекетті құрушы ретінде ендіңіз. Сіздің еңбек жолыңыз – өз хал­қына, оның мүдделеріне адал қызмет етудің жарқын өнегесі. Сіз біздің елімізде өндірістік-шаруа­шы­лық және саяси басқарудың барлық баспалдақтарынан, кезеңдері мен кездерінен өттіңіз. Әлемдік прак­ти­када Мемлекет басшысы металлург болып жұмыс істеп, өндіріс ұжы­мын, қаланы, облысты және республиканы басқару жөнінде зор тәжірибесінің болуы және өз елі үшін соншалықты көп іс атқарып үлгеруі бұл – бірегей оқиға. Сіз шын мәніндегі Елбасысыз! Сізді еңбек сіңірген мәрте­бе­ңізбен – Елбасылығыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Сізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, Сіздің басшылығыңызбен Қазақстанның өркендей беруін тілейміз”, – делінген жеделхатта.