Фото: gov.kz
Әкімдік отырысында «Севказэнерго» АҚ бас директоры Анатолий Казановский қазірдің өзінде 228 нысанның жылуға қосылғанын мәлімдеді.
«Жылыту маусымы 30 қыркүйектен басталады деп жоспарланды. Бірақ жылуды қабылдауға дайындығын дәлелдейтін сертификаттары бар нысандар ертерек қосыла алады. Өтініш берсе жеткілікті», деді Анатолий Казановский.
Қала әкімі Серік Мұхамедиевтің айтуынша, көпқабатты үйлердің 95 пайызы қысымды сынақтан өткенімен, тек 7 пайызы ғана жылыту маусымына дайындығы туралы анықтама алған.
Еске сала кетейік, өткен жылы облыста жылу беру маусымы 1 қазанда басталған еді.