Digital • 27 Қыркүйек, 2024

Керек дерек

42 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

еGov.kz мобильді қосымшасы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қызметтерін жаңартты

Керек дерек

Сурет: gov.kz

Бұрын сот шешімімен әрекетке қабі­летсіз деп танылған он сегіз жас­тан асқан азаматтардың қам­қор­шы­лары құжаттарды қағаз түрінде жи­нап, арнайы өтінімдерді рә­сім­деу үшін кезекке тұратын еді. Жа­ңартылған қызмет қажетті құ­­жаттарды онлайн тап­сы­руға мүм­­­кіндік беріп, уақыт шы­ғынын едәуір қысқартады.

Енді қамқоршылар бірінші топтағы жүріп-тұруы қиын мү­ге­дектерге жеке көмекші қыз­меттерін пайдалану, оларды арнайы жүріп-тұру құралдары­мен қамтамасыз ету, есту қа­бі­леті нашар мүгедектерге ымдау тілі маманының қыз­мет­те­рін пайдалану (жылына алпыс сағат), үй жағдайында арнайы әлеуметтік қызметтер алу, про­тездік-ортопедия­лық кө­мек­пен қамтамасыз ету, меди­циналық-әлеуметтік меке­ме­лерде (ұйымдарда) арнайы әлеу­мет­тік қызметтер алу, мүм­кін­дігі шек­­теу­лі балаларды санаторлық-ку­рорт­тық емдеумен қамтамасыз ету сынды мемлекеттік қызмет түр­­­ле­ріне онлайн өтінім бере ала­ды.

Қызметті алу үшін пай­да­ла­нушыға eGov.kz порталында тір­келіп, «Әлеуметтік қам­сыз­­­дан­дыру» бөліміне өту қажет. Одан кейін «Мүгедектерді қол­дау» бөлімінде ұсынылған тізім­нен қа­жетті қызметті таңдайды. Сосын ЭЦҚ (электрон­дық цифр­лық қол­таңба) ар­қы­лы қол қою қажет. Қыз­мет нәти­же­сімен пайдаланушы жеке кабинетте («Қызметтер алу та­рихы» бөлімінде) таныса алады.

Айта кетейік, бұл қыз­метті­­ Еңбек және халықты әлеу­мет­тік қорғау министрлігі Цифр­л­ық­ даму, инновациялар және аэро­ға­рыш өнеркәсібі минис­тр­лі­гімен бір­лесіп әзірледі.