Пікір • 27 Қыркүйек, 2024

Мезгіл межелеген міндеттер

60 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының жаңа Жолдауында жүзге жуық бастама көтеріліп, міндеттер белгіленді, тапсырмалар берілді. Қоғамның әрбір сегменті бұл бағдарламадан өздеріне қажетті кейс тапты. Ең бастысы, бұл жолы да азаматтардың өмір сүру сапасын, олардың табысын арттыруға баса назар аударылды.

Мезгіл межелеген міндеттер

Сурет: ru.freepik.com

Жолдауда бірінші кезекте экономикалық дамуға баса назар аударылды. Алдыңғы Жолдауларда қойылған белгілі бір міндеттер әлі де шешіліп жатыр, олар биылғы құжатта да көрініс тапқан. Жолдаудың негізгі басымдықтарының ішінде билік жұмысының негізгі көрсеткіштерін қалай қалыптастырғанын атап өтуге болады. Президент билік адамдардың әділдікке деген сұранысына құлақ асатынын және бұл өмірдің көптеген саласына қатысты екенін ашып айтты. Жолдауды іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары пайда болған соң, онда нәтижелерді қамтамасыз етуге жауаптылар көрсетіледі, осының бәрі Президент Әкімшілігінің бақылауында болады.

Қазір қоғамдық санада іргелі өзгерістер болып жатыр. Азаматтардың құқықтық мәдениет деңгейі артып келеді. Жаңа мінез-құлық үлгілері қалыптасып, жаңа құндылықтар орнығу үстінде. Басқаша айтқанда, халық ескіге оралуды қаламайды, билік мұны ішінара түсініп үлгерді. Сондықтан Мемлекет басшысы еліші­лік осы проблемаларды шешуге басымдық берді. Қол жеткен жетістіктен кері шегінбеу – нарық заңы. Басты күш-жігер халықтың табысын жұмылдыруға бағытталады.

Президенттің банктер туралы жаңа заң қабылдау, салықтық әкімшілендіру кезінде жазалау тәсілінен бас тарту тәрізді бірқатар ұсынысын бөле-жара айту керек. Жаңа Салық кодексін қабылдау мәселесінде асығыстыққа жол берілмейді және заңды сапалы деңгейде дайындау үшін оны қабылдау келесі жылға ауыстырылды. Бұл – экономиканы алға жылжытуға көмектесетін маңызды қадам.

Қысқасы, бағдарламалық құжатта қоғам өміріне қатысты барлық сала қамтылды. Көкейде жүрген көп сауалға жауап берілді. Ендігі кезекте мезгіл межелеген маңызды міндеттерді іске асыруға бәріміз де бір кісідей атсалысуымыз керек.

 

Эдуард ПОЛЕТАЕВ,

саясаттанушы