Сурет: bolashak.gov.kz
Осындай түлектердің арасында Бостон университетінің коммуникация мектебінің магистрі, журналист әрі фильм жасаушы Әлия Әшім бар. Ол 1960–1989 жылдар аралығында қазақ тарихының қалыптасуы туралы тарихи деректі фильм түсіріп, шығарды. Бүгінде бұл 5 сериядан тұратын фильм көрермендердің жоғары бағасына ие болды. Оның жұмысы елдің мәдени мұрасы үшін маңызды деп айта аламын.
Қазіргі таңда медиа саласында оператор, режиссер, продюсер, кино және телевизиялық технологиялар сияқты мамандар жеткіліксіз. Неғұрлым сұранысқа ие әрі болашағы бар салаларда мамандар даярлау мақсатында тізім түзіледі. Бұл орталық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік органдардың сұраныстары негізінде, сондай-ақ мемлекеттік стратегия мен даму жоспарларына сәйкес қайта қаралып, түзіліп отырады.
Әлия ОСПАНОВА,
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басқарма төрағасы