Қоғам • 30 Қыркүйек, 2024

Елімізде тағы бір халықаралық теміржол қатынасы іске қосылады

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан мен Ресей Федерациясының Көлік министрліктері «Риддер-Новосибирск» халықаралық теміржол қатынасын қалпына келтіру туралы келісімге келді, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елімізде тағы бір халықаралық теміржол қатынасы іске қосылады

Фото: freepik.com

ҚР Көлік министрі Марат Қарабаевтың айтуынша, пойыздар 2024 жылдың 18 желтоқсанынан бастап төрт күнде бір рет жүре бастайды.

Айта кетейік, «Ресей темір жолдары» АҚ қызмет көрсететін №407/408 «Риддер-Новосибирск» халықаралық пойызы 250 жолаушыға арналған 6 вагоннан (3 купе, 3 плацкарт) тұрады. 

«Жоғарыда аталған пойыз ауаны баптау және бейнебақылау жүйелерімен, биоәжетхана кешендерімен, розеткалармен, мобильді құрылғыларды/гаджеттерді қуаттауға арналған USB порттарымен және әр орынның жанында жеке жарықтандырумен жабдықталған», делінген ведомство хабарламасында.