Фото: sadaqmedia.kz
Сот ректорды 2024 жылдың 18 қарашасына дейін, кепіл мөлшері анықталмай, қамауға алу туралы шешім шығарған.
«Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес жария етілмейді», деп түсіндірді сот.
Сонымен қатар ректор 28,5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген.
Қайрат Нұрменбектовтың өзі 20 қыркүйекте ұсталған. Онымен бірге университеттің қаржы бөлімінің меңгерушісі Айгүл Сәрсенбаева, оның күйеуі Б.Төлебеков, сондай-ақ пара берушінің өзі «Галамстрой Групп» ЖШС директоры да тергеуге алынғаны хабарланды.