Оқиға • 30 Қыркүйек, 2024

Қоғамдық тәртіпті бұзған 117 жолаушыға шара қолданылды

88 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Жолаушылар тасымалы» АҚ қызметкерлері көліктік полициямен бірлесіп, пойыздардағы қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жыл басынан бері 117 жолаушыны түсірген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғамдық тәртіпті бұзған 117 жолаушыға шара қолданылды

Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ

Ережелерге сәйкес, жолаушыны мынадай жағдайларда пойыздан түсіреді:

  1. Егер жолаушы алкоголь немесе есірткі әсерінен мас күйде болып, өз іс-әрекеттерімен қауіп төндіріп немесе басқа жолаушыларға қолайсыздық келтірсе.
  2. Егер жолаушы вагонның ішінде темекі шексе.
  3. Егер жолаушы жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсетуден бас тартып, пойыз билеті болмаған жағдайда.
  4. Егер жолаушы басқа жолаушыларға немесе пойыз қызметкерлеріне қатысты агрессивті әрекет жасаса.
  5. Егер жолаушы өзімен бірге айналасындағыларға қауіп төндіретін тыйым салынған заттар немесе жүктер алып жүрсе.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ теміржол көлігіндегі қауіпсіздікті арттыру мақсатында заманауи технологияларды белсенді енгізіп жатыр. Ұлттық тасымалдаушының 478 вагонында 3 мыңнан астам бейнебақылау камерасы орнатылған. Бейнебақылау жүйесі вагон-мейрамханаларда, вагон-барларда, теміржол станцияларында, вокзалдарда жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар

Жыл камбэгі

Әлем • Кеше

Малсақ қауымның мұраты

Шаруашылық • Кеше

Қос ауылдың қуанышы

Аймақтар • Кеше

Жирен аң қашан келеді

Талбесік • Кеше

Тарихтағы тың өріс

Руханият • Кеше