Әлем • Бүгін, 18:23

Қытай Еуроодақтың төрт еліне визасыз режим енгізеді

33 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытай билігі Еуропалық Одаққа мүше төрт елге визасыз режим енгізеді. Бұл туралы Қытай Халық Республикасының Көші-қон істері жөніндегі мемлекеттік басқармасының ресми аккаунтында хабарланған, деп жазады Egemen.kz.

Қытай Еуроодақтың төрт еліне визасыз режим енгізеді

Фото: visa-guru.ru

«Қытай алмасуды одан әрі дамыту мақсатында визасыз елдердің ауқымын кеңейту және Португалия, Грекия, Кипр, Словениядан келген қарапайым төлқұжат иелері үшін визасыз саясат енгізу туралы шешім қабылдады, оларға визасыз кіруге рұқсат беріледі. Қытайда 2024 жылдың 15 қазанынан 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін 15 күннен аспайтын мерзімге іскерлік, саяхаттау, туыстарына бару және ел аумағы арқылы транзиттік тасымалдауды жүзеге асырады», делінген хабарламада.

Бұған дейін 12 елдің азаматтары үшін Қытайда қысқа мерзімді болу үшін визасыз режимді 2025 жылдың соңына дейін ұзарту туралы шешім қабылдаған еді.