Референдум • 30 Қыркүйек, 2024

Ғалиасқар Сарыбаев: Референдум – энергетикалық секторымыздың болашағын таңдаудың басты мүмкіндігі

91 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, АЭС салу жөніндегі республикалық халықтық штабтың мүшесі Ғалиасқар Сарыбаев Жетісу облысындағы Талдықорған мен Текелі қалалары және Көксу мен Қаратал аудандарының тұрғындарымен кездесті. Кездесуге қатысушылар азаматтардың атом электр станциясының құрылысына қатысты сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ғалиасқар Сарыбаев: Референдум – энергетикалық секторымыздың болашағын таңдаудың басты мүмкіндігі

Фото: Коллаж Ulysmedia

Сенатор көмірді тұтынудың өсуіне байланысты қоршаған ортаның ластануының өткір проблемасына тоқталды. Ол ядролық энергия таза экологиялық балама бола алатынын атап өтті.

«Жыл сайын электр энергиясын тұтыну көлемі 3 пайызға артып келеді. Электр энергиясын өндіруде көмір ауқымды рөл атқарады, ол бүгінгі таңда өндірілетін өнімнің 70% құрайды. Бұл көмірқышқыл газының бөлінуін көбейтеді және улы заттары қоршаған ортаға теріс әсер етеді. Осы қатерге жауап ретінде көптеген елдер жасыл энергия көзі болып саналатын атом электр станциясының жұмысын арттыруда. Атом энергетикасы экологиялық жағдайды жақсартуға және ел экономикасын дамытуға көмектеседі. Президенттің референдум өткізу туралы бастамасы бізге осы маңызды мәселені шешуге атсалысуға және энергетика саласының болашағы жөнінде таңдау жасауға мүмкіндік береді», деді Ғалиасқар Сарыбаев.