Жемқорлық • 01 Қазан, 2024

Жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңды түзету қаралады

57 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңды түзету қаралады

Сурет: ru.freepik.com

Мәжілістің жалпы отырысында кейбір заңнамалық актілерді Конс­титуция нормаларына сәй­кес келтіруге бағытталған заң жо­басы бірінші оқылымда талқы­ланады. Конституциялық сот «Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы күрес туралы» заңның 13-ба­бын Конституцияға қайшы келеді деп тапты. Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңе­стірілген тұлғаларға қатыс­ты қолданыстағы сыбайлас жем­қ­орлыққа қарсы шектеулер олар­дың құқықтарын бұзатыны анық­талды. Осыған байланысты заң жобасында сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы шектеулер мәселе­лерін реттейтін түзетулер енгізу көзделген.

Сондай-ақ депутаттар соттал­ған адамдарды беру туралы Қазақ­стан-Вьетнам арасындағы шартты ратификациялау туралы заң жобасын да қарайды. Құжат бас бостандығынан айыру жазасына кесілген адамдарды өз азаматтығы бар мемлекетте жазасын өтеу үшін елдер арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге бағытталған. Сонымен қатар жалпы отырыста палата комитеттері бір­қатар халықаралық шарт­ты рати­фикациялау туралы заң жобаларын жұмысқа қабылдайды.