Спорт • 01 Қазан, 2024

Стенд атудан Азия Кубогі: Қазақстан бірінші сатыда

98 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы облысындағы Александр Асанов атындағы стенд ату клубында Азия Кубогі мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Стенд атудан Азия Кубогі: Қазақстан бірінші сатыда

Фото: Turizm jane sport ministrligi

Стенд атудан елімізде алғаш рет ұйымдастырылған Азия Кубогінде 14 елден келген 200-ден астам спортшы бақ сынады.

Сала министрлігінің мәліметінше, Қазақстан құрамасы скит және трап бағдарламасын қосқанда 14 медаль (6 алтын, 3 күміс, 5 қола) еншілеп, жалпы командалық есепте бірінші орын алды.

Алтыннан алқа таққандар:

  • «Скит» - Әсем Орынбай;
  • «Скит» - Эдуард Ещенко;
  • «Скит» жасөспірімдер арасында - Никита Моисеев;
  • «Скит» әйелдер командасы - Әсем Орынбай, Зоя Кравченко, Адель Садақбаева;
  • «Скит» ерлер командасы - Эдуард Ещенко, Давид Почивалов, Илья Пеньков;
  • «Скит» аралас жұптық сын - Әсем Орынбай, Эдуард Ещенко.

Күміс жүлде еншілегендер:

  • «Трап» - Әлішер Айсалбаев;
  • «Трап» Қазақстан ерлер командасы - Әлішер Айсалбаев, Марк Почивалов, Виктор Хасянов;
  • «Дубль-трап» ерлер арасында - Әлішер Айсалбаев, Владлен Калимулин, Артем Чикулаев.

Қола медаль жеңіп алғандар:

  • «Трап» ерлер арасында - Марк Почивалов;
  • «Скит» ерлер арасында - Давид Почивалов;
  • «Трап» әйелдер арасында - Айжан Досмағамбетова;
  • «Дубль-трап» - Владлен Калимулин;
  • «Трап» Қазақстан әйелдер командасы - Айжан Досмағамбетова, Карина Почивалова, Анастасия Прилепина..

«Байрақты бәсекеде жерлестеріміз Азияның үздігі екенін дәлелдеді. Отандық мергендерді айтулы табысымен шын жүректен құттықтаймын. Бұл – бірнеше жылғы тынымсыз еңбектің, спорттағы жүйелі жұмыстың айқын нәтижесі. Кейінгі жылдары елімізде стенд ату спорты қарқынды дамып келеді. Жерлестеріміз әрдайым Әлем Кубогі мен Азия ойындарында және халықаралық жарыстарда жеңіс тұғырынан көрініп жүр. Осындай жеңістер жастарды биік белестерді бағындыруға ынталандырады деп сенемін», деді министр Ербол Мырзабосынов.