Оқиға • 01 Қазан, 2024

Асламбек Мерғалиев «Қытай – Орталық Азия» Жоғарғы Сот төрағаларының кеңесіне қатысты

62 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы Асламбек Мерғалиев бастаған делегация Қытайдың Үрімші қаласында өткен «Қытай – Орталық Азия» Жоғарғы Сот төрағаларының кеңесіне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Асламбек Мерғалиев «Қытай – Орталық Азия» Жоғарғы Сот төрағаларының кеңесіне қатысты

Фото: ҚР Жоғарғы Сот

Іс-шара трансшекаралық сот төрелігінің өзекті мәселелерін және қылмыспен күресудегі ынтымақтастықты, сондай-ақ қоршаған орта ресурстарын сот арқылы қорғауды дамытуды талқылау үшін Орталық Азия мен Қытайдың жоғары дәрежелі сот өкілдерін жинаған.

1

Сапар барысында Қазақстанның делегациясы құқық қорғау, сот төрелігін цифрландыру және халықаралық қылмыстармен күрес мәселелерін талқылаған.

2

Кездесу аясында ҚХР Жоғарғы халық сотының төрағасы Чжан Цзюньмен екіжақты келіссөздер жүргізіліп, оның барысында сот саласындағы ынтымақтастықты нығайту перспективалары талқыланған.

Кездесудің қорытындысы бойынша қатысушы елдердің сот саласындағы әріптестікті одан әрі дамыту жөніндегі ниетін бекітетін «Үрімші мәлімдемесіне» қол қойылды.