Спорт • Кеше

Тараздық танымал пара таеквондошының неден қайтыс болғаны анықталды

39 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Пара таеквондодан Қазақстан Республикасының ұлттық құрама мүшесі, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Өміралі Нышан Елубайұлының қазасына қатысты тың деректер белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тараздық танымал пара таеквондошының неден қайтыс болғаны анықталды

Фото: Gov.kz

Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарының 5-орын иегері, екі дүркін әлем чемпионы Нышан Өмірәлінің неден қайтыс болғаны белгілі болды. 1 қазанда сағат 22:15-те "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" республикалық тас жолының 542-ші шақырымында Түркістан облысынан Тараз бағытында келе жатқан Nissan Maxima көлігінің жүргізушісі түйемен соқтығысқан. Спортшы Айша бибі ауылының іргесіндегі кенет жолда келе жатқан түйені көреді. Соқтығысудан сақтануға тырысып, күрт бұрылғанымен, басқаруды жоғалтып, көлік аударылып кеткен. Оқиға салдарынан жүргізуші басынан ауыр жарақаттар алып, ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болған.

Айта кетейік, Нышан Өмірәлі Жамбыл облысы Тараз қаласының тумасы. Ол 17 жасынан спортпен айналысып, бүгінгі күнге дейін екі дүркін әлем чемпионы, Азия чемпионы атанды. Сонымен қатар Азия ойындарының және көптеген халықаралық жарыстардың жүлдегері.