Спорт • 03 Қазан, 2024

Отандасымыз Франциядағы Le Lion турнирінде топ жарды

137 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жеңіл атлетикадан Қазақстан командасының өкілі Дэйзи Джепкемей Францияның Бельфор қаласында өтіп жатқан жартылай марафонның жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Отандасымыз Франциядағы Le Lion турнирінде топ жарды

Фото: ҰОК баспа сөз қызметі

Ол белгіленген межені 1 минут 07:54 секундта жүгіріп өтіп, бірінші болып келді.  

Екінші орынды Угандадан келген Аннет Челангат алды. Оның нәтижесі - 01:09:58.

Сонымен бірге эфиопиялық Меселу Кахсай қола жүлдеге ие болды (01:10:18).