Оқиға • Кеше

Өрт: Қостанайда 25 адам эвакуацияланды

28 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құтқарушылар өрт кезінде 25 адамды эвакуациялаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өрт: Қостанайда 25 адам эвакуацияланды

Фото. ТЖМ баспасөз қызметі

Қаланың Юбилейный шағынауданында көпқабатты тұрғын үйдің 4-ші қабатындағы пәтерлердің бірінде жиһаз өртенген.

Өрт сөндірушілер үйлесімді іс-қимылдарымен алау оттың басқа пәтерлерге таралуына жол бермеген.

«ТЖМ құтқарушыларының күшімен баспалдақ маршы арқылы 25 адам, оның ішінде 4 бала эвакуацияланды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», делінген хабарламада.

15 шаршы метр аумақты шарпыған өрттен зардап шеккендер жоқ.