Қоғам • 03 Қазан, 2024

Қазақстанда 400-ден астам адам құжатсыз жүр

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құжатсыз жүргендердің 200-і Қазақстанның азаматтары, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда 400-ден астам адам құжатсыз жүр

ІІМ

Шілде айынан бастап Ішкі істер министрлігі Қазақстанда құжатсыз тұратын адамдарды анықтай бастаған.

Оларға құжаттарды рәсімдеуде көмек көрсетіледі. Көбінесе бұл санатқа тұрақты мекенжайы жоқ адамдар, шалғай аудандарда және шаруа қожалықтарында тұратын адамдар кіреді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 404 құжатсыз адам бар. Олардың 200-і елдің азаматтары деп танылды, 14-і азаматтығы жоқ адамдар. Қалғандары бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде.

«Егер азаматтарға құжатсыз тұратын адамдар туралы мәлімет белгілі болса, тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметіне жүгінуді сұраймыз. Құқықтық көмек көрсету және білікті кеңес алу үшін әр өңірде жауапты қызметкерлер бекітілген», – делінген хабарламада.

Туындаған сұрақтар бойынша ақпарат алу үшін Көші-қон қызметі комитетіне келесі телефондар арқылы хабарласуға болады:

+7 (701) 171-82-28;
+7 (7172) 71-40-73;
71-44-10.