Медицина • 04 Қазан, 2024

1300 медицина қызметкері біліктілігін арттырды

88 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түрлі саланың 1700-ден астам маманы, оның ішінде 1300 медицина қызметкері жыл басынан бері Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығында (МТАЖО) оқыды, деп хабарлайды Egemen.kz.

1300 медицина қызметкері біліктілігін арттырды

Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы – 12 жылдан  бері Президент Іс басқармасы жүйесінің жұмысшыларының дағдыларын дамытумен айналысып келе жатқан білім беру орталығы.

медик

«Биыл, тоғыз айда түрлі дағдыларды дамытатын 60-тан астам тренинг пен оқу шаралары өткізілді. Бұл ретте басым бағыттарға басқарушылық құзыреттер, мемлекеттік сатып алулар, стратегиялық жоспарлау, HR-модульдер, тәлімгерлік, бюджеттеу және басқалар ие болды. Дәрігерлер өздерінің кәсіби тақырыптары аясында оқыды», делінген Президент Іс басқармасы жүйесінің баспасөз орталығының хабарламасында.

Айта кету керек, МТАЖО Қазақстандағы бірегей оқу құқықтарына иелік етеді және олардың тізімін тұрақты түрде кеңейтіп отырады. 9 айда орталық медицина және білім беру салаларындағы өз позициясын нығайта отырып, білім беру бағдарламаларына 19 авторлық құқықты иеленді.