Оқиға • Кеше

БҚО-да төрт адамды өлтірген шетелдіктің соты басталды

75 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

БҚО-ның Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында, төрт отандасымызды өлтірді деген күдікке ілінген Өзбекстанның 48 жастағы азаматы Шафкат Жазиловқа қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Мой город ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

БҚО-да төрт адамды өлтірген шетелдіктің соты басталды

фото Мой город

Шафкат Жазилов ағымдағы жылдың көктемінде Бәйтерек ауданындағы Богат кентіне, егін шаруашылығына  маусымдық жұмысқа келген. Шаруа қожалығының аумағындағы уақытша ғимаратта онымен бірге тағы 15 жерлесіміз тұрған. Сәуір айының соңында Жазилов пен оның әріптесі Усаровтың арасында жанжал туындап, оған Усаровтың өндірістік кәсіпорын басшысына жұмыста болып жатқанның бәрін айтып бергені себеп болған. 

«Мамырдың 9-ы күні кешке Жазилов пен тағы он адам бірінің туған күнін тойлауға кіріседі. Бірнеше сағаттан кейін Жазилов пен Усаровтың арасында таңғы ас әзірлеуге байланысты тағы да ауызша жанжал туындайды. Елеусіз сылтауды пайдаланып, сотталушы агрессия көрсетіп, сарайдан балта алып шығып, қарсыласына лақтырған. Алайда ол мүлт кетеді.  Жазилов сонда да тынышталмай, қорадан айыр алып, Усаровты өзіне шақырады. Сол кезде шаруа қожалығының басқа қызметкерлері сотталушыны көшеге алып шығады», деді прокурор Жандос Жұбанов.

Сосын Жазилов бензин құйылған құтыны алып, ғимаратқа  кіріп, «бәріңді өлтіремін» деп ыдыстың қақпағын ашып, жанып тұрған газ плитасына лақтырып жіберген. Оқиға орнында бірден өрт шығып, күйік алған төрт ер адам сол жерде көз жұмады, тағы бір адам термиялық күйік алады. Олардың арасында Усаров болған жоқ.

Мемлекеттік айыптаушы Жазиловтың екіден көп адамды өлтіруіне байланысты, оған тағылған айыпты толығымен қолдайтынын жеткізді.

Айта кетейік, Шафқат Жазилов орыс тілін мүлде білмейді, тек аудармашының көмегімен сөйлеседі. Ол айыптау қорытындысымен келіспейтінін айтты және алқабилердің сотқа қатысуынан бас тартты. Істі судья Асланбек Дүйсенғалиев қарайды.

 
Соңғы жаңалықтар

Терраса тақтасы

Ғылым • Кеше